«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығы (2021.05.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығы

(2021.05.10. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 497 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2021.05.10. № 1025 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының Арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары;

2) ҚР Қаржы министрінің 2021.05.10. № 1025 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы үй-жайлары үшін заттай нормалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөліктерінің тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 251 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 11031 болып тіркелген, «Әділет» ақпаратық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған);

2) «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 маумырдағы № 337 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 11545 болып тіркелген, «Әділет» ақпаратық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 28 шілдеде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаменті (Е.С. Қалас) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.